қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2019

Qaztest.kz сайты Абай атындағы ҚазҰПУ-мен меморандум жасасты

 

2019 жылдың қыркүйек айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Qaztest.kz олимпиада сайтымен меморандум жасасты. Меморандум аясында республикалық педагогикалық олимпиадаларға сапалы сұрақтар дайындалып, түрлі педагогикалық олимпиадалар ұйымдастырылады.

 

Әлем елдерінде білім беру сапасы мен қолжетімдігін арттыру жайлы мәселе күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде ақпараттық цифрлық технологияның жылдам дамыған кезеңде білім сапасы мен мазмұны жиі өзгереді. Сондықтан білімнің жылдамдығы мен кәсібилігін арттыру қажеттігі туындайтыны заңды. Электронды білім беру технологияларын қолайлы, қолжетімді цифрлық платформа ретінде әзірлеу Қазақстан білім саясаты үшін де басым бағытта.

 

«Qaztest.kz» желілік басылымы білім саласы мен мемлекеттік тіліміздің дамуына үлес қосып, Мемлекет басшысы саясатын қолдап отырған ағарту ресурсы. 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған ең үздік қазақ тілді сайт байқауында Qaztest.kz сайты үздік деп танылып, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанды.

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім