қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.10.2019

«Үздік пленэр» ректор сыйлығының конкурсы

 

2019 жылдың 18 қазан күні дәстүрлі сурет салудың практикалық алаңы болып табылатын Алматы обылысы «Ой-қарағай» демалыс аймағында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен және жастар ісі жөніндегі ректордың кеңесшісі Мақсат Жақауұлының басшылығымен «Студенттік ректорат» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы «Жастар жылы» аясында ӨМжСИ-дің 2-5 курс студенттері мен магистранттары арасында табиғатты бейнелеу конкурсын ұйымдастырды. Аталмыш конкурста 34 қатысушы пленэр жұмыстарын жазды.


Конкурс қорытындысы 22 қазан күні университетіміздің ректоры Такир Балықбаев, ӨМжСИ-дің директоры Тоққожа Қожағұлов, «Көркем білім» кафедрасының меңгерушісі Ержан Рысымбетов, Құрманғазы Жеделов және т.б оқытушылар мен студенттердің қатысумен өтті. Комссияның шешімі бойынша «Көркем білім» кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен I-ші орынды 2 курс студенті Гүлназ Қуанышбекова (жетекші - Базар Ырыстанұлы), II-ші орынды 3 курс студенті Дариға Қасенова (жетекші - Базар Ырыстанұлы) мен 4 курс студенті Айжан Қуанышбаева (жетекші - Нұрлан Қилыбаев), III-ші орынды 1 курс магистранты Айгерім Онбаева (жетекші - Гульнара Бекова) мен 2 курс студенті Аружан Ералиева (жетекші - Базар Ырыстанұлы) иеленіп, арнайы дипломдармен және сыйақымен марапатталды. Ректор сайыстың үздік қатысушыларына «Алғыс хат» табыс етті.

 

Дәстүрге айналған іс-шара студенттермен магистранттардың шығармашылық қызығушылықтарын арттырып, оқу-тәжірибелік үдеріспен қатар, тәлім-тәрбиелік негізінде жақсы нәтижелерге жеткізе білді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

    

 

«Көркем білім» кафедрасы