қазақша · русский · english
 
 
 
 Ережепов Талғат Тілеулесұлы
Кафедра меңгерушісі
PhD доктор
Стадион «Спартак»
 8-701-230-75-12
e.talgat.t@mail.ru

 

Мамандық 2001 жылы психология-педагогика факультетінде құрылған. 2001 жылдан бастап «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасында 031240-«Бастапқы әскери дайындық және дене мәдениеті» мамандығы болып ашылды. 2004 жылы 050104 - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «Жоғары кәсіптік білім» ережелеріне сәйкес бакалавр болып өзгертілді. 2010 жылдан бастап 050104-«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестациялаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.


Осыған байланысты 2007/2008 оқу жылынан бастап «Дене мәдениеті мен бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасы ашылды. 2009 жылы университет Кеңесінің шешімімен «ДМжС және БӘД» факультеті ашылды.


Кафедра 2013-2024 жж «Өнер, мәдениеті және спорт» институтының құрамында болды. 2024 жылдан бастап Бастапқы әскери дайындық кафедрасы Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті құрамына еніп әрі қарай педагогикалық кадрларды дайындауда Білім берудің жалпы міндетті Мемлекеттік стандартына сай қызмет етуде.

 

Бастапқы әскери дайындық кафедрасының бүкіл қызметі жоғары азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке ие, кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті және білікті:
- В004 - «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бакалаврын;
- М004-«Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары магистрін;
- D004 - «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары философия докторын (PhD) даярлауға бағытталған.

«6В014 - Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау» (бакалавриат) бағыты бойынша 2 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады:
- 6В01401 - Бастапқы әскери дайындық;
- 6В01408 - Бастапқы әскери дайындық- Дене шынықтыру және спорт білім бағдарламасы жүзеге асырылады.
«7М014 - Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар педагогтарды даярлау» (магистратура) бағыты бойынша 1 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады:
- 7М01401 - Бастапқы әскери дайындық

«8D014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау» (докторантура) бағыты бойынша «8D01401 - Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы жоғары кәсіби және зерттеу дағдыларын меңгерген алғашқы әскери дайындық білім беру саласындағы болашақ PhD докторларды ғылыми-педагогикалық қызметке даярлауды жүзеге асырады.

Қазіргі таңда бастапқы әскери дайындық білім беру кафедрасында 1 әскер ғылымдарының докторы, доцент; 2 ғылым кандидаты, доцент; 2 философия (PhD) докторы, аға оқытушылар; 10 ғылым магистрі, аға оқытушылар қызмет атқарады.

Бастапқы әскери дайындық білім беру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы тәжірибелі мамандардан, республикамызға танымал ғалымдардан тұрады. Олар - жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқулық, оқу құралдарының, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған оқулық, оқу-әдістемелік кешендерінің авторлары.

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері сабақ үдерісінде, дәрістік және лабораториялық-практикалық сабақтар мазмұнында қолданылады.

Халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бастапқы әскери дайындық білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен түрлі әлеуметтік тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі. Білім алушылар жыл сайынғы студенттік конференциялар мен университеттік және республикалық конкурстарға белсене қатысып, жүлделі орын иеленеді.

Бастапқы әскери дайындық білім беру кафедрасының аудиториялары мен кабинеттері білім беруді ұйымдастырудың біліктілікке қойылатын талаптарына және мемлекеттік жалпы білім беру стандарты талаптарына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыздандырылған.


Педагогикалық іс-әрекеттің пәні: Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері дәстүрлі түрде тәрбиелеу және оқыту болып табылады.

Іс-тәжірибе базалары: №33, №35, №145, №2, №123, №204, №74, №13 орта білім беру мекемелері, гимназиялар.

Жыл сайын іс тәжірибеден өткізіліп отыратын базаларда Бастапқы әскери дайындық жас мамандарды жұмыспен қамыту көзделген. Сонынмен қатар жас мамандар осы жоғарыда аталған мектеп ұйымдарда өздерінің еңбек өтілімін жұмыс атақарып отыр.