қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.10.2019

Түркітану және латын әліпбиіне көшу мәселелері талқыланды

 

2019 жылы 25 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы мен университетіміздің «Латын» ғылыми-практикалық орталығы және Филология мен көптілді білім беру институтының бірлесуімен «Түркі жазуының негіздері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

 

Конференция барысында отандық және шетелдік тілші-ғалымдар Әлімхан Жүнісбек, Дандай Ысқақұлы, Фаузия Оразбаева және Мехмет Оңал, Булент Байрам, Осман Кабадайы, Махмұт Доғұ баяндама жасады.


Түркологияның өзекті мәселелеріне, түркі жазуы мен латын әліпбиіне көшу жағдаяттарына ғылыми тұрғыда талдау жасалып, түркітілдес елдерде латын әліпбиін енгізудің шешімдері және ежелгі түрік жазуының сингармологиялық моделін жасау тәжірибесі қарастырылды. Латын графикасының тарихы, теориясы және оқыту әдістемесі, түркітілдес елдердегі латын әліпбиінің қолданылуы, латын әліпбилі қазақ жазуын оқытуда инновациялық технологияларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Латын әліпбиін енгізудің ұйымдастыру жолдары, ғылыми мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдары және алынған нәтижелері қарастырылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Филология және көптілді білім беру инcтитуты