қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.10.2019

Индонезиялық профессор Брури Трийноның Абай университетіне сапары

 

2019 жылғы 29 қазанда Джакарта мемлекеттік университетінің профессоры Брури Трийоно (Universitas Negeri Yogyakarta, UNY, Индонезия) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне (Abai University) келді. Брури Трийоно Джакарта мемлекеттік университетінің қызметімен таныстырып, «4.0 өнеркәсіптік дәуір жағдайында техникалық және кәсіптік білім беруге дайындық» тақырыбында өткізілген семинарда баяндама жасады. Аталған іс-шараға Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

 

Шетелдік қонақпен кездесу барысында Университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева мен Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ақылжан Алмасовтың қатысуымен Abai University және UNY арасындағы екіжақты бірлескен бағдарламасы талқыланды. Университет басшылары Қазақстан мен Индонезия арасындағы білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық жемісті дамиды деп үміттенеді.