қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.11.2019

Академик Т.Садықов атындағы футбол турнирі өз мәресіне жетті

 

2019 жылдың 25 қазаны күні университетімізде ұйымдастырылған академик Т.С. Садықов атындағы Алматы қаласы жоғары оқу орындар студенттері арасындағы футбол турнирі өз мәресіне жетті.

 

Спорттық шара университетімізде 19-25 қазан күндері аралығында ұйымдастырылып, турнирге 7 команда қатысты. Турнир барысында ұпай саны жоғары 3 команда ақтық ойынға шығып, жеңімпаз команда анықталды.

 

Турнир жеңімпаздарын университет ректоры Такир Балықбаев, академик Т.С. Садықовтың жұбайы, медицина ғылымдарының кандидаты, Орталық клиникалық ауруханасының вице-президенті, Аюпова Шолпан Әбілқадырқызы және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қақпашы Құралбек Ордабаев марапаттады.

 

Турнир қорытындысы бойынша ІІІ орынға ие болған Сүлеймен Демирел университетінің командасы 50 000 теңге қаржылай сыйақымен марапатталса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командасы ІІ орынды жеңіп алып, 70 000 теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. Үздік ойын көрсетіп, ұпай саны бойынша жоғары көрсеткішке ие болған Тұран университетінің командасы І орынды жеңіп алып, университет ректорының арнайы дипломы және 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай марапатқа ие болды.

 

Сонымен қатар, турнирде үздік ойын көрсеткен «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» номинациясының иегерлеріне университет ректорының арнайы дипломдары мен қаржылай марапаттар табысталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент