қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.11.2019

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған
«Абай оқулары»

 

2019 жылдың 25 қазаны мен 2 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты мен Оңтүстік Корея елшілігіне қарасты «Наследие диаспоры» қоғамдық бірлестігімен біріккен Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» өткізілді. Алматы қаласындағы 17 оқу орнынан келген студенттер мен оқушылар Ұлы Абай және өз шығармашылығынан өлең оқып, өз өнерлерін көрсетті. Айтулы іс-шараға Филология және көптілді білім беру институтының оқытушылары ф.ғ.к., доцент Гүлжихан Шақарман, ф.ғ.д., доцент Айжан Қартаева, ф.ғ.к. Ерлан Қасенов әділқазылық жасады.


Бұл шараға Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясынан, Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен студенттер қатысты. Аталған шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты бойынша 52 студент қатысып, бақ сынады. Бұл айтулы дода қазақ және корей поэзиясы, қазақ және корей прозасы бойынша өткізілді.


Жарыс қорытындысы бойынша поэзия жанры бойынша 1-ші орынды Филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті Нұрлыбай Балнұр (жетекшісі Роза Бақбергенова), 2-ші орынды 1 курс студенті Мадина Тулеген (жетекшісі Дүйсембина Гүлсамал), 3-ші орынды Сымбат Алдоңғар (жетекшісі Майра Жүнісова), Жебе Түйебаев (жетекшісі Айгүл Әмірбекова), Әділбек Маржан (жетекшісі Қарлығаш Абиыр) иеленді.


Оңтүстік Корея елшілігі Филология және көптілді білім беру институтының студенттерінің өнеріне ризашылығын білдіріп, жүлделі орындарды арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент