қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.11.2019

Ұлы Абайға арналған әдеби кеш

 

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде Қазақ халқының данышпан ақыны ғұлама Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби сазды кеш болып өтті. Абай Құнанбайұлына арналған кешті ашқан Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Азамат Ізтілеуов қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абайдың теңіздей терең поэзия арқылы халқына қалдырған өсиетінен ішкі істер органдары қызметкерлерінің де алар тәлімі мол екенін атап өтті.

 

Аталған жиынның құрметті қонағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет департамент қызметкерлеріне Абай өмірінен және шығармашылығынан мол мағлұмат берді. Жабал Шойынбет өз сөзінде еліміздегі абайтанушылардың еңбегіне тоқтала келіп, өзі еңбек ететін орталықтың атқарып жатқан жұмысы жайлы да кеңінен әңгімеледі.

 

   

 

   

 

«Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығы