қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.11.2019

Жұмыс берушілер форумы-2019

 

   

 

2019 жылдың 22 қарашасы күні «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек нарығындағы сұраныстар» тақырыбында «Жұмыс берушілер - 2019» форумы өтті. Форумға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің сарапшы маманы Айжан Шадырова, Алматы облысы білім басқармасының басшысы Даурен Жүнісов, Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсаинова, Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ағайша Амирова қатысып, бүгінгі таңдағы жұмыспен қамтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Форум барысында студенттер мен жұмыс берушілер арасында еркін ой алмасып, дискуссия құрылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы