қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.11.2019

Қазақстанның білім беру кеңістігі: бүгіні мен болашағы

 

2019 жылдың 22 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да PhD-докторант, жас ғалымдарға арналаған ғылыми жоба жеңімпазы Айболат Набидуллиннің ұйымдастыруымен еліміздің жоғарғы оқу орындарының жас ғалымдары арасында «Қазақстандық білім беру кеңістігіндегі көптілділік және мәдениетаралық қарым-қатынас: бүгіні мен болашағы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

 

Семинар-практикум барысында жастар үштілділіктің маңыздылығы, оның қоғамдағы рөлі, бүгіні мен болашағы аясында жан-жақты ой талқылап, пікір алмасты. Австралияның Виктория Стейт университетінің PhD- докторанты Чингиз Ордабаев «The Impact of Trilingualism in Kazakhstan», Л.Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторанты Бакыт Боранкулова «Kazakh translation of medical terms in the context of globalization», Азаматтық авиация академиясының оқытушысы, г.ғ.м. Арман Шайманов «Trilingualism in Kazakhstan: this is a perspective and reality», ҚазҰҚПУ PhD-докторанты Ляззат Булекбаева «Multilingualism - a new stage of education», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD-докторанты Назира Сайбекова «The Impact of Multilingualism in Global Education and Language Learning», М.Әуезов атындағы ОҚМУ PhD-докторанты Фарида Салыбекова «Emphasizing the tasks of teacher training for the successful implementation of the trilingual school model», ҚазҰАУ оқытушысы, ф.ғ.м. Меруерт Сауғанбаева «Importance trilingual education in Kazakhstan» тақырыптарда баяндама жасап, өз пікірлерін айтып, ой бөлісті. Университеттің докторанттары мен магистранттары түрлі сауалдар қойып, қажетті жауаптар ала алды.

 

Семинар соңында Айболат Набидуллин мен Чингиз Ордабаевтың «Neurolinguistic aspect of teaching foreign languages: innovative approaches» ағылшын тіліндегі монографиясының тұсау кесері өтті.