қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.12.2015

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАҢА БАҚЫТ

 

2015 жылдың 26 желтоқсаны күні Тәрбие жұмысы, жастар саясаты, және мемлекеттік тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен студенттерге арналған «Қош келдің Жаңа жыл - 2016» атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында университетіміздің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е.Ішпекбаев білім алушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл бойы университетіміздің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді араласып, жастар саясатын дамыту ісінде жоғары азаматтық белсенділігі және шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленген студенттерді университет ректоры «Мақтау қағазы» және «Алғыс хатымен» мараппаттады. Сонымен қатар жыл бойы білімі мен шығармашылық қабілетін ұштастыра білген  жыл үздіктері «ЖЫЛ  СТУДЕНТ», «ҮЗДІК СПОРТШЫ», «ҮЗДІК КТК ОЙЫНШЫСЫ», «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАТАҚХАНА КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ», «ЖЫЛ ӘНШІСІ»,  «ЖЫЛ ЖҮРГІЗУШІ»,  «ЖЫЛ АКТЕРІ», «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БИ ЖҰБЫ»,  «ЖЫЛ ӨНЕРПАЗДАРЫ»,  «ЖЫЛ ЕРІКТІСІ» дипломдары мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік шараның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар жастарды Жаңа жылмен құттықтап, түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырды. Шара студенттермен әзірленген театрландырылған қойылымға жалғасып, халықтар бірлігін насихаттайтын түрлі ұлт өкілдерінің  өнері мен би кешіне ұласты. 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы