қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.11.2019

«Астана» телеарнасының Бас директоры Құрманбек Жұмағалимен кездесу өтті


2019 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Астана» телеарнасының Бас директоры, белгілі журналист, медиа-менеджер және университетіміздің түлегі Құрманбек Жұмағалимен кездесу өтті.


Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кездесудің мақсаты - жастардың рухани дүниетанымын дамыту үшін университет пен телеарна арасында байланыс орнату. Осы міндет аясында телеарна студенттер мен жас оқытушыларды отандық және әлемдік медиа нарықтың үздік жұмыстарымен таныстырады.


Шара басында ректор Такир Балықбаев пен «Астана» телеарнасының басшысы Құрманбек Жұмағали ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Кездесу барысында Құрманбек Жұмағали Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді.  Танымал журналист өзінің жеке оқиғаларымен және кәсіби кеңестерімен бөлісті. Телеарна қызметі мен журналисттердің күрделі жұмысы туралы, әсіресе, белгілі бір бағдарламаны жүзеге асыру және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі қалыптастыру бойынша кеңестерін айтты. 


Студенттерді кәсіби журналист қандай болуы керек деген сұрақ мазалады. Осы мәселе бойынша Құрманбек Жұмағали өз пікірін білдірді: 

- журналист ақпараттың «көмекшісі» болуы керек. Ол ақпаратты терең зерттеп, жетілдіруі керек. Рейтингке ұмтылу мақсатында адамдардың тыныштығын бұзатын хабарларды таратуға болмайды. Журналист үшін бірнеше сөзбен ақпаратты нақты жеткізе білу маңызды, ол барлығына түсінікті және қызықты болуы қажет.  

 

Спикер ақпаратты дұрыс қабылдау, түрлі дереккөздерді пайдалану, құқықтық нормаларды білу керек екенін атап өтті. Барлық сұрақтарға студенттер Құрманбек Жұмағалидан толық жауаптар ғана емес, сондай-ақ нақты кеңестер алды. 

 

Кездесу соңында естелік үшін ортақ фотосурет жасалды.

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім