қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.12.2015

Жаңа жыл қарсаңында, ҚР Білім және ғылым министрлігі «2015 ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иелерінің есімдерін жариялады.
Сайыстың  200 Жүлдегерлері арасынан  Абай  атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университінің  7 оқытушысы аталмыш атақты жеңіп алды. 

Міне, олардың есімдері!:

1. Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор - Әлмұхаметов Берікжан Айтқұлұлы;

2. Математика, физика және информатика институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент  - Біргебаев Ахтай Біргебайұлы;

3. Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  - Шаханова  Розалинда Әшірбайқызы;

4. Филология ғылымдарының докторы, профессор - Жұмабекова Айгүл Қазкенқызы;

5. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор - Шілдебаев Жұмаділдә Байділдәұлы;

6.  Филология ғылымдарының кандидаты, доцент - Қaзкенова Айымгүл  Қайырбекқызы;

7. Филология ғылымдарының докторы - Таңжарықова Алуа Василийқызы.

Бұл грант университет профессорларына  әлемнің  жетекші жоғарғы оқу орындарында  шетелдік тағылмдамадан өтуге,  жетекші ғалымдармен тиімді  ынтымақтастықты нығайтуға, зерттеулер жүргізуге,  ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»  атағы  педагогикалық шеберлікті арттыруға,  жас кадрларды даярлау сапасына, ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыруға студенттер мен магистранттарды  тартуға  ықпал етеді.