Филология факультеті |
Миссия: Біз озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәсілдер негізінде қазіргі заманғы білім беру қажеттілігін болжайтын педагогтарды дайындаймыз.
Біз мұғалім мамандығының беделін арттырамыз және адами капиталды дамытудың драйвері боламыз.
Пайым - 2025 Филология институты 2025 жылға қарай Филологияның жоғары мектебіне - жаңа формациядағы кадрлар даярлаудың жетекші орталығына айналады, ол: - отандық және әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық стандарттар деңгейінде ғылыми-білім беру процесін жүзеге асырады;- инновациялар негізінде білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етеді;- адам капиталын дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік береді.
Институт туралы 1928 жылы университетте физика-математика және лингвистика-педагогика бөлімдерінен тұратын жалғыз факультет болды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары лингвистика бөлімінің базасында филология факультеті ашылып, оған 49 студент қабылданды. Факультеттің іргетасын алаш зиялылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, С.Аманжолов, М.Әуезов және т. б. көрнекті ғалым-қайраткерлер қалады.
Бүгінгі таңда Филология институты - бұл қазақ, орыс және шетел филологиясын, әдебиеттану мен лингвистиканы оңтайлы үйлестірген классикалық және заманауи білім беру ошағы. Институтта студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.
Институт құрылымы Институт құрылымына 5 кафедра кіреді: - Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы - Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы - Шетел тілдері кафедрасы - Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы - Практикалық ағылшын тілі кафедрасы
Институтта оқу үдерісін ұйымдастыру үшін: - АКТ құралдарымен жабдықталған 45 дәрісхана; - 3 лингафондық кабинет; - 3 компьтерлік сынып; - 45 орындық оқу залы; - 5 орталық жұмыс жасайды.
Кадрларды дайындау білімнің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:
Филология институты тіл мен әдебиетті, сөз өнері мен мәдениетін оқытатын нағыз шеберхана болып табылады. Мұнда алынған білім мен тәжірибе білім алушылардың өзін танытуына және тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді, өзгермелі әлемде шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.
Филология институтының жарқын, есте қаларлық, қызықты студенттік өміріне белсене қатысуға қош келдіңіз!
|