Сорбонна - Қазақстан институты |
Сорбонна-Қазақстан институты 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) мен Сорбонна Париж Сите Университеті (Université Sorbonne-Paris-Cité) арасындағы ынтымақтастық негізінде құрылды. Орталық Азия үшін теңдесі жоқ бұл білім беру жобасының ресми ашылу салтанаты 2014 жылдың 6 желтоқсанында екі ел Президенттерінің (Қазақстан-Франция) қатысуымен өтті.
Мақсаттары Сорбонна-Қазақстан институты бакалавриаттың 10 білім беру бағдарламасы, магистратураның 9 бағдарламасы және докторантураның 2 бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайды. Сонымен қатар, 3 қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылуда: - Лотарингия университетімен бірлесіп "Халықаралық құқық" бакалавр бағдарламасы (Université de Lorraine); Сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-нің әскери кафедрасында оқу және.жатақханада орын алу мүмкіндігі ұсынылады. Сорбонна-Қазақстан оқу институтының білім алушылары жыл сайын түрлі стипендиялық бағдарламалардың, академиялық ұтқырлық бағдарламаларының (Абай-Верн, Эразмус+) грантына ие болады және Францияның жетекші жоғары оқу орындарында Франкофондық Университеттер Агенттігінің (AUF) желісі бойынша оқудан өтеді.
Сорбонна-Қазақстан Институты және «Акселератор Добра: Izgilik Elshisi» Ұлттық еріктілер қозғалысының жұмысы туралы толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден өтіп біле аласыз:
https://www.instagram.com/sorbonne_kazakhstan/
|