«Экономикалық мамандықтар» кафедрасы | ![]()
Кафедраның тарихы Сорбонна-Қазақстан институтының «Экономикалық мамандықтар» кафедрасының тарихы 1993 жылдан бастау алады. Кафедра бірнеше рет атаулы трансформациядан өтті және 2016 жылы экономикалық кафедраларды біріктіру есебінен атауын алды.
«Экономикалық мамандықтар» кафедрасы «6В041-Бизнес және басқару» (Экономика, Менеджмент, Қаржы, Есеп және аудит, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кафедра бойынша білім беру бағдарламасының «7М04106 - Маркетинг» мамандығы бойынша магистрлерді және білім беру бағдарламасының «6В04101 - Экономика» мамандығы бойынша бакалаврларды қос дипломды дайындау бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, Абай атындағы ҚазҰПУ Пуатье университетімен (Франция) бірлесіп жұмыс жасауда.
Кадрлық әлеует Кафедра ұжымы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады. Бүгінгі күні кафедраны э.ғ.к. Канабекова М.А. басқарады. Біздің кафедрада 2 экономика ғылымдарының докторы, 3 PhD докторы және 9 ғылым кандидаты қызмет атқарады, олар еліміздің зияткерлік және ғылыми әлеуетінің дамуына баға жетпес үлес қосуда.
Кафедраның бірқатар оқытушылары «Ы.Алтынсарин», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері мен Франция Елшісінің Алғыс хаттарымен, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Құрметті ұстаз» және т.б. мадақтаулармен марапатталған.
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8(727)221-85-14
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|