қазақша · русский · english
 
 
 

 

Кафедраның қызметі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарға арналған запастағы офицерлердің кәсіби дайындығына бағытталған.


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің әскери кафедрасындағы әскери дайындық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 қазанындағы № 534 бұйрығы бойынша "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы және университет ректорының 2020-2021 оқу жылдарына бек3ткен оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырып, өткізіледі.

 

Студенттердің әскери дайындығы запастағы офицерлердің бағдарламасы бойынша алты әскери-есептік мамандықтармен жүзеге асырылады:
1. «Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру»;
2 «Идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру»;
3. «Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру»;
4. «Ақпараттық-сараптамалық қызмет»;
5. «Құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру»
6. «Жалпыәскери бөлім, бөлімше және құрамаларын ұрысқа пайдалану».

Білім алушылардың әскери дайындығы "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылып, жүргізіледі.


Нақты жоғары оқу орнында мамандануына байланысты әскери дайындықтың өзгеше формада ұйымдастырылуы мүмкін.


Оқу барысы әскери кафедра қызметінің негізгі қызметі болып табылады, сол сияқты оқу сабақтарының барлық түрлері, күнделікті бақылау, сынақ-емтихан сессиялары, аяқтау емтиханы, студенттердің оқу материалын меңгерулерін жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізуді қамтиды.


Әскери кафедрада оқытудың несиелік технологиясын жүзеге асырмайтын студенттердің оқу жетістіктерінің бағалары баллдық рентигтік жүйе бойынша қаралады.Студенттердің оқу жетістерінің баллдық-рейтингтік жүйесі туралы Ереже әскери кафедрада құрылып, әскери кафедраның бастығымен бекітілген.


Әскери кафедрадағы студенттермен оқу-тәрбие жұмыстары оқу бағдарламасы және әскери жарғыға сәйкес жүргізілуде. Ол студенттердің оқу бағдарламасында қарастырылған теориялық білімдерін жетілдіру, оларда қаруды қолданудағы мығым тәжірибелік дағдыны жетілдіру және әскери техниканы пайдалану, алатын әскери мамандығына сәйкес бөлімшелерді басқаруға бағытталады.


Өтілетін пәндерінің оқу сабақтары тақырыптары студенттерді оқыту Үлгі бағдарлама және тақырыптық жоспарларға сәйкес жоспарланып, өткізіледі.


Жалпы әскери пәндер бойынша сабақтарды өткізу барысында кафедраның оқытушылар құрамы өтілетін пәндердің тәжірибелік жағына бар күшін салады.


Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының орта есеппен 10 жылдан артық өтілі бар. Профессорлық-оқытушылар құрамының әдістемелік дайындығы жеткілікті жоғары деңгейде.


Өтілетін пәндер жоғары кәсіби деңгейде жүргізіледі. Сабақ жүргізу барысында студенттердің материалдарды толық меңгере алуларына мүмкіндік беретін қару-жарақ және техниканың материалдық бөлігі кеңінен қолданылады.


Сабақтарды өткізу жоспарларын құру кезінде кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы сабақ өткізу жоспарына бөлінетін уақытты ескере отырып, әрбір оқу сұрағын жіті талдауға уақыт бөледі. Әскери кафедрада профессорлық-оқытушылар құрамының беретін материалдарының сапасын арттыратын интерактивтік тақталар орнатылған.Техникалық оқыту құралдары видеоролик, презентация, электрондық лекцияларды көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Кафедрадағы материалдық - техникалық база:
- оқу қаруы, оқ-дәрілер (оқу бағдарламасына сәйкес);
- брондық техника (БМП - 4 бірлік.);
- оқу торабыжәне агрегаттар (техникалық дайындық бойынша);
- мультимедиялықжабдық;
- ату дайындығынан тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған нысаналық жабдық;
- тактикалық дайындықтан сабақ өткізуге арналған жер бедерлі электрлендірілген макет;
- кафедраның барлық аудиторияларында аудиториялардың атауларын білдіретін тематикалық стендтер бар.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы техникалық оқыту құралдарының жұмыс тәртібін толық меңгеріп, сабақ өткізу кезінде қолданады.Білім алушылар сабақ сұрақтарын талқылауға белсене қатысады.Сабаққа дайындалу кезінде оқытушылар құрамының берген тапсырмаларын орындайды (рефераттар, оқу сұрақтарынан ақпараттық материалдар, семинар сабақтарының сұрақтары бойынша презентациялар).


Әскери дайындықтың оқу жылының басы мен соңы ЖЖО жетекшісі бекіткен ЖЖО күнтізбелік оқу жоспарының негізінде белгіленеді. Оқу жиындарының мерзімін ҚР ҚМ Кадрлар және Әскери білім Департаменті белгілейді.