қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2020

Институт директоратының студенттермен онлайн-кездесуі

 

2020 жылдың 21-24 сәуірі аралығында Педагогика және психология институты директоры Берікжан Әлмұхамбетов ZOOM платформасында 1-2-3-4 курс студенттерімен және олардың эдвайзерлерімен онлайн-кездесу өткізді.

 

Онлайн-кездесуге институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, институт бойынша талапкерлерді қабылдауға жауапты тұлға Бауыржан Жанкушков, түлектерді жұмысқа орналастыруға жауапты тұлға Магрипа Ибраева, институтттың аға эдвайзері Жақсыгүл Исаева және институт студенттері мен эдвайзерлері қатысты. Кездесуде қашықтан оқыту, онлайн жағдайында көктемгі сессияны сапалы ұйымдастыру туралы ақпарат берілді.

 

2020 жылдың 24 сәуірінде өткен университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша көктемгі сессияға енген өзгерістер туралы айтылды. Онлайн режимінде оқыту мәселелері: сабақтың сапасы, алдағы аралық бақылау, практика, сессия, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмыстарын қорғау, сонымен қатар бірқатар қосымша сұрақтар қарастырылды.

 

      

 

      

 

   




Кері оралу