қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2021

«Талапкер 2021» Ашық есік күні

 

2021 жыл 28 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология иниститутының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен онлайн режимінде «Талапкер 2021» Ашық есік күні өтті.

 

Ашық есік қонақтары болып №1 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, Түркістан облысы Төрткүл ауылы Төрткүл орта мектебі, Есік қаласы Абылай хан атындағы орта мектебі және Алматы обласы Сеңгір ауылы, Сеңгір орта мектептерінің білім алушылары, ата-аналары және мұғалімдер қатысты.

 

Осы іс-шара барысында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі А.Н.Көшербаева, институттың маркетинг бөлімінің жетекшісі Б.О. Жанкушков және кәсіби бағдар бойынша жауапты Қ.Е. Ағыбай, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. Сондай ақ, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс студентті А. Жеңісова мен 4 курс студентті Ф. Қоңырбаева мамандық бойынша өз ойларымен бөлісті.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу