қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

«Үздік білімгер» ПжПИ -2022» атты байқауы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 8 сәуірінде 2-3 курс, 1 курс магистратура білім алушылары арасында «Үздік білімгер» ПжПИ-2022» байқауы өтті.


Байқаудың негізгі мақсаты: оқуда, студенттік өзін-өзі басқару ұйымында, спортта, шығармашылықта және басқа да қызмет салаларында өзін белсенді көрсеткен институт білім алушыларын анықтау және көтермелеу. Байқауға институтымыздың белсенді білім алушылары қатысты. Олар: Жолдасбаева Бибиназ - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен 2- курс студенті; Жұма Нұргүл - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 2-курс студенті; Жолай Әсем - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 3-курс студенті; Молдабаева Дана - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен 2- курс студенті; Асанова Аружан - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен 2- курс студенті; Шубай Аймерек - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен 2- курс студенті; Қияқбай Назым - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 2 курс студенті; Енбаева Рабина - Педагогика және психология 2 курс студенті; Мамажанова Алуа - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен 3- курс студенті; Уласканова Гулим -Дефектология, 3 курс.


Студенттер арасында байқау үш кезеңде өткізілді. I кезеңге өтінім берген 13 студент арасынан іріктеліп 10 студент келесі кезеңге жіберілді. II кезеңде «Мен үздік білімгермін» тақырыбында өзін-өзі таныстыру және «My creative University» жобасы (Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыру барысындағы университет моделі) қорғалды.

 

III кезең Сен білесің бе? атты сұрақ-жауап сайысында қамтылған мәселелер: Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихы; Университетіміздің тарихы; XXI ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?; ХХІ ғасыр студенті қандай болуы керек?; ХХІ ғасыр мектебінің мұғалімі қандай болуы керек?


Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен «Үздік білімгер» ПжПИ-2022 атағын Шубай Аймерек марапатталды. II дәрежелі диплом Енбаева Рабинаға тиесілі болды. III дәрежелі дипломды Жұма Нұргүл иеленді.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу