қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2022

Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция

 

2022 жылдың 3 қазанында бастауыш білім беру мамандықтары бойынша күндізгі бөлімнің 2-курс (3жылдық), 3- курс (4 жылдық) студенттерімен педагогикалық практиканың 1-жартыжылдығы бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияны бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі А.Е. Жұмабаева ашып, болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби даярлаудың маңызды кезеңі ретінде педагогикалық практиканың 1-жартыжылдығының нәтижелі аяқталуымен құттықтады.

 

Конференцияда студенттер практика бағдарламасына сай жүргізген жұмыстарының есебін әр мектеп бойынша таныстырылым, бейнероликтер түрінде ұсынып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.

 

Практика жетекшілері мен педагог, психологтар студенттердің педагогикалық практика барысындағы кәсіби іс-әрекетін талдап, баға берді. Практиканы үйлестіруші аға оқытушы Гульнара Омарова педагогикалық практика бойынша студенттердің қорытынды бағасын жариялады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу