қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2022

Тіркеу бөлімінің бастығымен Педагогика және психология институты оқытушыларының кездесуі өтті

 

2022 жылдың 19 қазан күні Педагогика және психология институтында 2022/2023 оқу жылында жұмысқа қабылданған оқытушыларды «Univer» жүйесімен таныстыру, оқу үдерісінде туындаған мәселелерді шешу мақсатында Тіркеу бөлімінің бастығы Аяулым Мырзабаевамен кездесу өтті. Кездесуді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Ақжолова сөз сөйлеп ашты.


Кездесуге барлық профессор-оқытушылар қатысты. А.Мырзабаева «UNIVER» ақпараттық-бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуге арналған пайдаланушының нұсқаулығы» тақырыбында презентациясын таныстырды.


Іс-шара барысында профессор-оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Аяулым Мырзабаева мен тіркеуші-методист Айгерім Кенжебекова жауаптар берді. Кездесуді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова қорытындылады.

 

  alt=  

 




Кері оралу