қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2022

Педагогика және психология институтында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша іс-шара өткізілді


2022 жылдың 20 қазан күні Педагогика және психология институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметі бөлімінің жетекші маманы Қамбар Усипов «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу» тақырыбында 1 курс білі малушыларымен кездесу өтті.


Кездесудің негізгі мақсаты - студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, студент пен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу, адал ортаны қалыптастыру. Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлерімен танысты, өз пікірлерін білдірді, сыбайлас жемқорлықпен күресудің өзіндік әдістерін ұсынып, көкейлеріндегі толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар берілді.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т Ақжолова Академиялық адалдық ережелерін тағы да түсіндіріп, кездесуді қорытындылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу