қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2022

«Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» жастар форумы

 

2022 жылғы 22 қазан күні Абай университетінде Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» тақырыбында жастар форум өтті. Форумда жоба жетекшісі А.Е.Жумабаева, жоба мүшелері Р.Ж. Базарбекова, А.С.Стамбекова сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтардың ұрпақ тәрбиесі үшін маңызына тоқталды. Форумда ұлттық құндылықтар жайлы жастардың көзқарастары мен пікірлерін тыңдау мақсатында мынадай тақырыпта дебат ұйымдастырылды:

 

1. Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?

2. Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты

3. Отбасының сәні - сыйластық.

 

Форумда білім алушылардың мобильді технологияларды қолдану дағдысын анықтау мақсатында «Qazaqstan & Men» тақырыбы бойынша бейнероликтен байқау ұйымдастырылды. Ал білім алушылардың еліміздің тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық мұрасы жайлы түсінігін анықтау мақсатында Kahoot зияткерлік ойыны («Intellectual contest «Polyglot») ұйымдастырылды.

 

Байқау жеңімпаздары мобилді телефон арқылы білім алушылардың өздерінің дауыс беруі арқылы анықталды.

 

Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ және кеңес жазушысы Дулат Исабековтің 80 жылдығына орай 2 курс студенттерінің қатысуымен «Әпке» қойылымын тамашалады.

 

Форум соңында іс-шараға белсене қатысқан білім алушылар алғыс хатпен, әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=   

 

 




Кері оралу