қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2022

«Инновациялық жобалар және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы облыстық семинар


2022 жылдың 21 қазанында Алматы облысы Балқаш ауданы білім басқармасының ұйымдастыруымен Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясында өткен «Инновациялық жобалар және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы облыстық семинар жұмысына педагогика және психология кафедрасынан профессор Б.А.Тұрғынбаева және қауымдастырылған профессор Т.Н. Жүндібаева қатыстып қайтты.


Семинар барысында мектеп мұғалімдері «STEM», «Fairy Tales in English», «Chemical calculations» тақырыптарында және Абайдың «Масғұт» поэмасы бойынша ашық сабақтар өткізіп, пән олимпиадаларына даярлау, дарынды балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Мектепте жүргізілетін робот құрастырудан шығармашылық жұмыстарымен таныстырып, «Оқуға құштар мектеп», «Добрые дела» және оқушылардың ғылыми жобаларын қорғау ұйымдастырылды. Семинар бағдарламасына сәйкес Б.А.Тұрғынбаева «PIRLS» халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; Т.Н. Жүндібаева «TIMSS» халықаралық зерттеуіне оқушыларды даярлау мәселелері бойынша баяндамалар жасап, практикалық жұмыстар жүргізді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу