қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2022

Түркістан қаласындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

 

2022 жылдың 1-6 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ және Түркістан қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКҚК арасында жасалған меморандум аясында Түркістан қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқу пәндерінің сапалы білімді қамтамасыз ету алгоритмдері» біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.


Курсты Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Азия Жұмабаева мен аға оқытушы, PhD Жупат Астамбаева өткізді. Аталмыш курсқа 100-ден аса Түркістан қаласы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлер және ЖОО оқытушылары қатысты. Абай университеті оқытушылары мұғалімдердің теориялық білімдерін көтеріп, әдістемелік көмек көрсетті. Олар оқу үдерісінде туындап, шешімін таба алмай жүрген тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, бастауыш білім беру бағдарламаларының мазмұнын жүзеге асырумен байланысты тың идеялармен және оқытудың инновациялық тәсілдемелерімен бөлісті. Курс соңында тыңдаушыларға Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқушылар сарайы» мен Абай атындағы ҚазҰПУ біліктілікті арттыру және қашықтан білім беру орталығының бірлескен 72 сағаттық сертификаты берілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу