қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2022

Педагогика және психология институтының докторанттарына арналған ғылыми семинар өтті

 

2022 жылдың 10 қарашасында Педагогика және психология институтының докторанттарына арналған ғылыми семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты - докторанттардың ғылыми пікірталас жүргізу дағдысын, зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша дұрыс баяндауын, олардың ғылыми зерттеу әдістемесі саласындағы білімдері мен дағдыларын байыту.


Семинарда 3 курс докторанттары «Түзету педагогикалық әрекетке болашақ мұғалімдерді дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында «8D01901-Дефектология: арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша Жолдасбекова Д, «Заманауи білім беру жүйесіндегі «құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары» тақырыбында «8D01901- Арнайы педагогика» бойынша Ашимханова Г., және «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің дене тәрбиесі негізінде педагогикалық бейнесін қалыптастыру» тақырыбында «8D01301- Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс докторанты Тұрсынбек Г.П. тындалды.


Семинар жұмысына Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.А., директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Абсатова М.А., профессор Мовкебаева З.А., профессор Амирова А.С., профессор-зерттеуші А.Н.Жиенбаева, доцент Аутаева А.Н., профессор Қияқбаева У.К., қауымдастырылған профессор м.а. Жүндібаева Т.Н., PhD Ахметова А.И., Шауенова М., Төлешова У.Б. қатысты.


Семинардың модераторы қауымдастырылған профессор Абитова Г.Т. болды. Семинар барысында докторанттар өздерінің диссертациялық тақырыбы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Бұл ғылыми тұғырнаманың уақытылылығы мен қажеттілігін 56-дан астам қатысушының санынан байқауға болады.


Семинар барысында докторанттар, институттың профессор-оқытушылар құрамы тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру бойынша сындарлы ұсыныстар алды.

 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу