қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2022

«ONAY СЕССИЯ» семинары

 

2022/2023 оқу жылының қазан айында Педагогика және психология институтының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Ақжолованың ұйымдастыруымен білім алушыларды оқу үдерісіндегі өзгеріс, жаңалықтармен таныстыру, академиялық қиындықтармен күресу жолдарын түсіндіру мақсатында «YOUR GUIDE» командасы құрылған болатын. Команда құрамына институттың үздік және белсенді студенттері кірді.


2022 жылғы 23 қараша - 3 желтоқсан аралығында «YOUR GUIDE» командасы директоратпен бірлесе отырып 1-2-3 курс білім алушыларымен «ONAY СЕССИЯ» семинар өткізді.


Семинар барысында Академиялық адалдық кодексімен 2курс студенті Ә.Мыңбай таныстырды. 2022/2023 оқу жылында «Қысқы емтихан сессиясын тапсыру барысы» тақырыбында презентацияны қазақ тілінде 3 курс студенті А.Шубай мен 1 курс студенті Қ.Әбдімахан, орыс тілінде 2 курс студенті А.Борис түсіндірді. Директорат қызметкерлері Ш.Баймолдаева оқу үдерісіндегі туындаған сұрақтарға жауап берсе, И.Чажабаева келісімшарт негізінде оқу ақысын төлеу уақыты туралы ақпарат берді.


Білім алушыларды қысқы емтихан сессиясын сәтті тапсыруға үндей отырып, семинар жұмысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Ақжолова қорытындылады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу