қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2022

Педагогика және психология институтында Өзбекстаннан келген тағылымдамадан өтушілерге шолу дәрістері өткізілді

 

Педагогика және психология институтында бекітілген бағдарламаға сәйкес Мукими атындағы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтынан келген тағылымдамадан өтушілерге жоспарланған іс-шаралар өтуде.


5 желтоқсаннан бастап келесідей тақырыптарда дәрістер өткізілуде:

-Оқыту мен оқудағы инновациялық амалдар, Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Жумабаева А.Е.;

- Педагогика және психология институтының зерттеудегі басым бағыттар, Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.А.;

- Педагогтың іс-әрекетіндегі интербелсенді әдістер және цифрлық ресурстар, Педагогика және психология институтының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі директор орынбасары Абсатова М.А.;

- Арнайы педагогиканың негіздері, Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі Аутаева А.Н.;

- Заманауи оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін диагностикалау және дамытуға инновациялық амалдар, профессор Сатова А.К.;

- Қазақстан республикасындағы жоғары білім беру менеджменті: дамытудың тенденциялары мен стартегиялары, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Көшербаева А.Н.


Сонымен қатар, тағылымдамадан өтушілердің сұранысы бойынша аға оқытушы Жанкушков Б.О. «ЖОО кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу