қазақша · русский · english
 
 
 
22.12.2022

Педагогика және психология институты магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтына қарасты «7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 1 курс магистранттары әлемнің үздік шетелдік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін 90 жылдық тарихы бар Istanbul University-інде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.


Istanbul University Халықаралық академиялық ынтымақтастық орталығының директоры Öğrt. Gör. Mustafa Kaplan-ның қабылдауында болып, ол ERASMUS бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, аталмыш университет профессорлары Dr. Sevinç Gülseçen, Dr. Sevinç Gülseçen, Dr. Öğretim Üyesi Özgür Oral дәрістеріне қатысып, жаңа технология саласында жасалынып жатқан жаңалықтармен танысты. Магистранттардың зерттеу жұмыстарының көп бөлігі университеттің ғылыми оқу залдары мен кітапханаларында болды. Магистранттар ғылыми тағылымдама барысында магистрлік диссертация тақырыбына байланысты көп тәжірибелер мен ақпараттар жинақтады. Ғылыми тағылымдама нәтижесінде магистранттар сертификат алды.

 

Шетелдік сапар Istanbul University студенттерімен және профессорларымен танысуға және қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ жаңа білім алуға және ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу