қазақша · русский · english
 
 
 
27.12.2022

Халықаралық форумға қатысу

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ақбота Аутаева мен педагогика ғылымдарының кандидаты Зейнеп Бекбаева 2022 жылдың 14-15 желтоқсанында Варшава қаласындағы Арнайы педагогика академиясының (Польша) 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Халықаралық форумға қатысып, спикер ретінде «Қазақстандағы инклюзивті білім беру: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында баяндама жасады.


Форумға қатысушылар Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловтың ыстық ықыласын білдірген адресат папкасы мен Абай мүсінін Мария Гжегожесвкая атындағы Арнайы педагогика академиясының ректоры Барбара Марченковскаяға табыстап, екі елдің ғылыми, ынтымақтастық байланыстарының ары қарай жалғасуына ниетті екенін білдірді.


Мария Гжегожевская атындағы Арнайы педагогика академиясының ректоры Барбара Марченковская мен академия ұжымы ректор Дархан Біләловқа және университет ұжымына ыстық ықыластарын білдіріп, бұдан кейін де білім беру кеңістігінде Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу