қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2023

«Мамандығым - мақтанышым» студенттер сайысы


2023 жылдың 17 ақпанында Абая атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының ұйымдастырумен «Мамандығым - мақтанышым» студенттік байқауы өтті.

 

Байқау 3 айналымнан тұрды: І айналым: Мамандықты таныстыру; ІІ айналым: Мамандық бойынша бейнеролик; ІІІ айналым: Мамандықты практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Сайысқа Педагогика және психология институтының 6 білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысты. Студенттер сайыста өздерінің барлық педагогикалық шеберліктерін көрсетті. 


Қазылар алқасы құрамында Тарих және құқық институты директорының тәрбие және қоғамдық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов (төраға); Филология институтының доценті Ерсайын Молдасанов; Өнер, мәдениет және спорт институтының «Өнертану» кафедрасының аға оқытушысы Аман Ибрагимов пен Абай атындағы ҚазҰПУ Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Пірәлі Райымбек болды. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу