қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2023

Ашық есік күні


2023 жылдың 16 ақпанында Педагогика және психология институтының кәсіби бағыт-бағдар жұмысы бойынша Ашық есік күні өтті.

 

Ашық есік күні барысында Алматы қаласы бойынша мектеп және колледж бітіруші түлектерге институт базасында экскурсия ұйымдастырылып, университет және институт туралы бейнероликке шолу жасалынды. Семинар-тренинг аясында презентация көрсетіліп, институттың өзін-өзі басқару ұйымынын концерттік бағдарламасы ұсынылды.

 

Іс-шара соңында келген қонақтар университет, институт оқытушыларына алғыстарын білдірді. Мектеп және колледжден келген мұғалімдерге Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атынан алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Шара ұйымдастырушылары - институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары С.Шолтай, аға оқытушы Б.Жанкушков, PhD, қауым.профессор А.Алимбекова, пед.ғ.к., К.Тусубекова, аға оқытушылар Д.Байдосова, С.Сүлеймен.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу