қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2023

«Бәрінен де сен сұлу» мерекелік кеші


2023 жылдың 3 наурызында Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Бәрінен де сен сұлу» мерекелік кеші өтті.

 

Мерекелік кешті институтымыздың Ардагерлер кеңесінің төрағасы,профессор Б.Әлмұхамбетов құттықтау сөзімен ашты. Ары қарай университет профессоры Б.Сайдахметов, доцент М.Құрсабаев, Б.Жанкушков шәкірттерімен бірлесе отырып, аяулы аруларымызға ән шашуларын арнап, әр түрлі музыкалық аспапта ойнап, аяулы ұстаздар мен аруларға көтерінкі көңіл-күй сыйлады.

 

Кешті Педагогика және психология институтының өзін-өзі басқару ұйымы өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу