қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2023

Испаниядағы докторанттардың шетелдік тағылымдамасы

 

2023 жылғы 1-30 наурыз аралығында «8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-ші курс докторанттары Алькала университетінде (Испания) бір айлық шетелдік тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында олар ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша шетелдік жетекшілерімен тікелей жұмыс істеп, Алькала университетінің кітапхана орталығында ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша материалдарды іріктеді, диссертациялық жұмысқа байланысты мәселелерді талқылап, өз білімдерін жетілдірді.

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хесус Гарсия Лаборданың «Білім беру практикасы арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуы» дәрісіне қатысты. Дәріс барысында Muñoz-Martínez Y., Domínguez-Santos S. және Sen-Pumares S. D. L. ғалымдар білім беру практикасы арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуында маңызды рөл атқаратын зерттеулер мен факторлармен таныстырды.

 

Тағылымдаманы аяқтағаннан кейін Алькала университетінің білім факультетінің деканы, профессор Хесус Гарсия Лаборда докторанттарға сертификаттарды табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу