қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2023

«Мамандық таңдау ерекшеліктері» семинар-тренинг

 

2023 жылғы 8 сәуірде №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Мамандық таңдау ерекшеліктері» семинар-тренингі өтті. Тренингті Педагогика және психология институтының кәсіби бағыт бағдар жұмысына жауапты «Бастауыш білім беру» кафедрасының м.п.н., аға оқытушысы Бауыржан Жанкушков және жалпы және қолданбалы психология кафедрасының п.ғ.к., аға оқытушысы Күнсұлу Түсубекова жүргізді.

 

Семинар-тренингті өткізудің негізгі мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ мен Педагогика және психология институтының білім беру бағдарламаларымен қоса колледж түлектерін мамандық таңдауға қызықтыру және оқуға түсуге бағытталған түсіндерме жұмыстарын жүргізу.

 

Семинар-тренингке 100-ден астам колледж түлектері қатысты. «Мамандық таңдау ерекшеліктері» семинар-тренингі колледж үшін де, университет үшін де пайдалы әрі нәтижелі болды. Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары колледж түлектеріне баяндама жасап, университет туралы бейнеролик көрсетті. Бейнероликте Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов университеттің тарихына шолу жасап, профессор-оқытушылар құрамымен таныстыра отырып, университеттін басты жетістіктеріне тоқталып, сөз соңында болашақ жас түлектерді университетке оқуға түсуге шақырды.

 

Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін колледж түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері жауап берді. Колледж студенттерімен кері байланыс жасау үшін буклеттер мен визиткалар таратылды.

 

Семинар-тренингті ұйымдастырып, өткізгені үшін №1 АҚМГПК-нің директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Гаухар Асубаеваға ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 




Кері оралу