қазақша · русский · english
 
 
 
30.06.2023

Ақпаева А.Б. - «Абай атындағы ҚазҰПУ үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы


2023 жылғы 29 маусымда «Абай атындағы ҚазҰПУ үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


«Цифрлық мұғалім» номинациясы бойынша Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Ақпаева Асель Бакировна лайықты жеңіске жетті.

 

Асель Бакировна көп жылдар бойы осы бағытта табысты жұмыс жасап келеді: ол мектептер мен ЖОО оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша пәндерден дәріс оқиды, онлайн және офлайн режимінде оқытуды жүзеге асыру үшін әдістемелік пәндердің цифрлық контентін әзірлеумен және тәжірибеге ендірумен айналысады, онлайн-сарапшы, халықаралық және республикалық байқаулардың қазылар алқасының мүшесі болып табылады, мектептер мен жоғары оқу орындарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттырудың онлайн курстарын әзірлеп, өткізеді. Асель Ақпаева өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, болашақ педагог мамандарына білім берумен белсенді түрде айналысып жүр.

 

Асель Бакировнаны бастауыш білім беру кафедрасының ұжымы шын жүректен құттықтайды! Оның жетістіктері мен көп жылғы жемісті еңбегі университет басшылығы тарапынан лайықты бағаланып жатқанына қуаныштымыз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу