қазақша · русский · english
 
 
 
07.09.2023

«Кел, танысайық студент!» ақпараттық-танымдық кездесу

 

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Абай университеті Педагогика және психология институты директоратының ұйымдастыруымен 2023/2024 оқу жылына түскен бакалавриат 1-ші курс білім алушыларымен «Кел, танысайық студент!» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Кездесуді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Ақжолова ашты.

 

Кездесу барысында білім алушыларға Педагогика және психология институты туралы (корпус, директорат құрамы, кафедра және мамандықтар туралы); Abai university сайтындағы «Академиялық саясат», «Академиялық күнтізбе», «Академиялық адалдық» туралы; «Univer» жүйесі туралы ақпарат берілді.

 

Университеттегі және институттағы әлеуметтік жобалар бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шолтай таныстырды. Іс-шара барысында 1-ші курс білім алушылары тарапынан қойылған сұрақтарға директорат ұжымы жауап берді. Кездесуді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова қорытындылады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу