қазақша · русский · english
 
 
 
25.09.2023

Студенттеріміз МҚПУ-да полимәдени білім алуда

 

2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының «6В01304-Көптілді бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2 курс бакалавриат студенттері Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуда.


Студенттер Алтаева Зарина мен Байғали Альбина полимәдениетті жағдайды ескере отырып, бастауыш білім беру саласында кәсіби тәжірибелерін байытып, білімдерін кеңейтіп, оқу-ғылыми шараларға белсене қатысып жүр. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің білімін тереңдетуге, мәдениетаралық тәжірибені байытуға және халықаралық кәсіби байланыстарды дамытуға көмектеседі.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу