қазақша · русский · english
 
 
 
26.09.2023

Бірінші курс студенттері университет тарихымен танысты

 

2023 жылғы 25 қыркүйекте Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1-ші курс (3-жылдық және 4 жылдық) студенттері аға оқытушылар Камза Гауһар және Бекбаева Мариямның ұйымдастыруымен университетте орналасқан Абай музейіне танымдық экскурсия жасады.

 

Экскурсиялық таныстырылымды «Өнер, мәдениет және спорт» институтының оқытушысы Қайшыбек Еркін Базарғалиұлы жүргізді. Экскурсиядан студенттер тың ақпараттар алып, қазақ халқының ұлттық аспаптары және көне заманда пайдаланылған құралдармен танысты, «Өнер, мәдениет және спорт» институтының студенттерінің қол шеберліктерін көріп, тәжірибе жинақтай алды. Сонымен қатар, Қайшыбек Еркін студенттермен кері байланыс орнатты.

 

  alt=  

 




Кері оралу