қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2023

Педагогика және психология институтының докторанттарына арналған онлайн дәріс өтті

 

2023 жылғы 19 қазанында М.Танка атындағы БМПУ доценті Оксана Сорока Педагогика және психология институтының докторанттарына «Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығын негіздеу" тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Кездесу барысында доцент О.Сорока зерттеудің маңыздылығын негіздеу мәселесіне жүйелі көзқарас беруге тырысты.

 

Презентация материалында зерттеудің әдіснамалық аппараты, ғылыми маңыздылықтың әсер ету дәрежесі мен әсер ету кеңдігі, зерттеу кезеңдері, сонымен қатар зерттеудің маңыздылығын бағалау деңгейлері ұсынылды. Дәріс тақырыбы докторанттардың ғана емес, көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырды.

 

Қорытындылай келе, ғылым жөніндегі директордың орынбасары М.Абсатова институт директоры доцент Г.Абаеваның атынан лекторға алғыс хат табыс етіп, ағымдағы оқу жылында онлайн-дәрісхананың жұмысы енді басталып, қызықты тақырыптар күтіліп отырғанын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу