қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2023

«Бақыттың жолын білім ашар» тақырыбындағы ҚР Ұлттық кітапханасына саяхат

 

2023 жылдың 20 қазанында Педагогика және психология институты арнайы педагогика кафедрасының аясында құрылған «Жас ғалымдар» клубының жоспарына сәйкес «Бақыттың жолын білім ашар» тақырыбында Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасына ғылыми саяхат ұйымдастырылды.


Жас ғалымдардың зерттеушілік құзыретін дамыту, ғылыми әлеуетін көтеру және білім көзі кітапта екенін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған ғылыми саяхатқа «Арнайы педагогика» мамандығының 1 курс магистранттары мен 1-2 курс докторанттары қатысты.


Кітапхана қызметкерлері жас ғалымдарды кітапхананың барлық оқу залдары, олардың негізгі функциялары, кітапхана-библиографиялық сауаттылық негіздері, кітапхананы пайдалану ережелерімен жүйелі таныстырып, ғылыми-танымдық ақпарат берді.


Саяхат барысында магистранттар мен докторанттар кітапхана қызметкерлеріне сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу