қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2023

Танымдық викторина

 

2023 жылдың 23 қазанында «Қазақ жері - менің алтын бесігім» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған институтаралық «Елтану» танымдық викторина жарысы өтті.

 

Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Мариям Бекбаеваның дайындауымен «6В01303-Бастауыш білім акпараттык-коммуникациялык технологиялармен» білім беру бағдарламасының 1-ші, 3-ші курс өзге ұлт студенттері танымдық викторинға қатыстырылды: 1 курс 3жыл - Абликим Адилям, 1 курс 4 жыл - Алиханова Мадина, 3 курс 4 жыл - Бабаева Муштари. Топ атауы «Bastau».

 

Викторина төрт кезеңнен тұрды:

І кезең - «Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас».

Әр институт топтары өздеріне қойылған жеке сұрақтарға жауап берді. Жауап болмаған жағдайда сөз кезегі келесі топқа берілді.

ІІ кезең - «Ойлы болсаң, озып көр».

Қатысушылар өздері таңдаған сурет бойынша қысқа-нұсқа 7-ден кем емес деректерді айту қажет болды.

III кезең - «Aqyl battle».

1) Мақал-мәтелдерді толықтыру.

2) 4 сурет - 1 сөз. Табылған бір сөздегі ұғымды ашатын мәлімет, дерек беру керек.

IV кезең - Жағдаяттық сұрақ.

 

Қатысушылар өздері дайындаған өз сұрақтарын басқа топтарға қойды.

 

Викторинаға белсене катысқан студенттер алғыс хатпен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу