қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2023

Педагогика және психология институтының докторанттары ғылыми зерттеу әдіснамасын әзірлеу мәселесін талқылады

 

2023 жылдың 7 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология кафедрасының профессоры Ботагүл Тұрғынбаеваның Педагогика және психология институтының докторанттарына «Ғылыми ізденіс әдіснамасы» тақырыбында дәрісі өтті. Институт директоры Ғалия Абаева құттықтау сөз сөйлеп, жемісті жұмыс тіледі.

 

Кездесу барысында лектор қатысушыларды ғылыми ізденісті ұйымдастырудың негізгі ұғымдарымен таныстырды, зерттеу мәселесін қою ерекшеліктерін ашты.

 

Дәріс тақырыбының өзектілігі мен қажеттілігін докторанттардың ғана емес, университеттің профессор-оқытушылар құрамының да дәріске деген қызығушылығының артуы дәлелдейді: доцент А. Ақжолова, аға оқытушы Т. Байдильдинов, Физика және математика институтының аға оқытушысы, PhD докторы А. Мошкалов, постдокторант Д.Сәдірбекова және басқалар. Кездесу соңында директордың ғылым жөніндегі орынбасары М. Абсатова дәріскерге алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу