қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2023

Абай университетінің ғалымдары АҚШ-тағы әріптестерімен Honors бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты

 

2023 жылдың 11-20 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде АР19677510 (2023-2025ж.) жоба жетекшісі, профессор, Педагогика және психология институтының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі директордың орынбасары М.А. Абсатова және жобаның орындаушысы, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Н. Нұрланов АҚШ ЖОО-ның Honors бағдарламаларының өкілдерімен бірқатар негізгі кездесулер өткізді. Бұл Honors бағдарламасын басқару, дамыту және жетілдіру бойынша тәжірибе мен пікір алмасудың маңызды кезеңі болды.

 

Сапар барысында жоба орындаушылары халықаралық білім беру институтының (Institute of International Education) өкілдерімен кездесті. Академиялық үстемдікті талқылауға,тәжірибе алмасуға және Honors бағдарламасын одан әрі дамыту үшін жаңа перспективалар ашты.

 

Сондай-ақ, City College of New York (CCNY) өкілдерімен кездесу өтті. Осы университеттің Honors бағдарламасының әкімшілігі Ирина Стоянова Honors бағдарламасын құру мен басқарудағы қазақстандықтардың тәжірибесін байытуға ықпал ете отырып, құнды идеялар мен тәжірибелерді ұсынды.

 

Вашингтонда делегация Джордж Вашингтон университетінің Honors бағдарламасының директоры Бетани Коббпен кездесті. Кездесу барысында басқару стратегиялары, инновациялық тәсілдер және Honors бағдарламасының одан әрі табысқа жетуіне ықпал ететін жоспарлар талқыланды.

 

Айта кету керек, Honors жобасы Абай университетінде 2022 жылдан бастап іске асырылуда. Өткізілген кездесулер осы бағдарламаны басқару мен дамытудың әртүрлі аспектілері бойынша құнды тәжірибе мен пікір алмасуға ықпал етті. Бұл қадамдар талантты студенттерді одан әрі дамыту үшін академиялық үстемдік саласындағы серіктестіктер мен қолдауды нығайтуға бағытталған.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу