қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2023

«Студент, сессияға дайынсың ба?» танымдық кездесу

 

2023 жылдың 27 қарашасында Педагогика және психология институты директоратының ұйымдастыруымен 1-ші курс студенттеріне «Студент, сессияға дайынсың ба?» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

 

Іс-шарада қысқы сессия емтихандарын тапсыру туралы ақпарат беріліп, емтихан түрлеріне жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу спикерлері Интызар Чажабаева мен Жансая Жеткергенова мазмұнды презентацияларын таныстырды және «6В03111-Психология: Практик психологтарды даярлау» мамандығының 3-ші курс студенті Әлішер Мыңбай тренинг өткізді.

 

Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған қысқы сессия емтихандарының өту барысы жайлы туындаған сұрақтарын қойып, сұрақтарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Ақжолова тиісті жауаптарын беріп, қорытындылады.

 

  alt=  




Кері оралу