қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2023

Абай университетінің Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастығы

 

2023 жылдың 5-8 желтоқсан аралығында Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан) профессор-оқытушылары Гүлнара Эрназарова және доцент Мұқаддас Рахманова - Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтында «Болашақ педагогтарды даярлауды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама аясында институт директоры Ғалия Абаева - «Қазақстандағы инклюзивті білім беру: іске асыру жолдары», директордың ғылым жөніндегі орынбасары Марфуға Абсатова - «Қазіргі жағдайда педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудағы инновациялар», педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева - «Педагогикалық процесті интегративті және дамып келе жатқан жүйе ретінде зерттеу» тақырыбында дәріс өткізді.

 

Өзбекстаннан келген әріптестер педагогика кафедрасы жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, жетекші профессорлардың сабақтарына және «Педагогика бойынша зерттеулерді дамыту векторлары: педагогикалық университеттің миссиясы» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарының жұмысына қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу