қазақша · русский · english
 
 
 
11.01.2024

Абай университетінің профессоры Қазақ спорт және туризм академиясында семинар өткізді

 

2024 жылдың 11 қаңтарында Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының профессоры Абсатова Марфуга Қазақ спорт және туризм академиясының профессор-оқытушылар құрамына арналған қысқы мектеп аясында семинар өткізді. Кездесуде цифрлық ресурстардың дидактикалық мүмкіндіктері қарастырылды. Сандық құралдар ретінде онлайн тақталардың мүмкіндіктері қарастырылды: padlet, miro және т.б., сонымен қатар интерактивті тапсырмалар, жаттығулар жасауға арналған платформалар: coreapp, презентациялар жасауға арналған-canva. Сондай-ақ, басқа модуль аясында ғылыми зерттеуді ұйымдастырудағы әдіснамалық тәсілдер тақырыбы қозғалды. Профессор Абсатова М. зерттеуді дайындау кезінде кейбір әдіснамалық тәсілдерді қолдануды сипаттауға тырысты. Кездесу Синквейн әдісін қолдану арқылы қорытындыланды, сонымен қатар мұғалімдердің жылы лебіздерімен кері байланыспен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу