қазақша · русский · english
 
 
 
05.02.2024

Абай университеті А.Жексембеков атындағы орта мектепте «Педагогикалық өлшемдер» зертханасын ашты

 

2024 жылдың 1 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қатысуымен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Абыхан Жексембеков атындағы орта мектебінде «Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-практикалық зертханасы ашылып, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 
 «Педагогикалық өлшемдер» зертханасы мектеп пен жоғары оқу орнының мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық ынтымақтастығының жаңа практикалық алаңы болуға барлық мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар Халықаралық SACERC шкаласының жаңартылған нұсқасымен Қазақстан мектептерінің білім беру ортасын бағалап өлшеуге жағдай жасайды.

 

Іс-шараға Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Айгерім Көшербаева және доктаранттар, мектеп директорлары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты. 

 

  alt=  




Кері оралу