қазақша · русский · english
 
 
 
06.02.2024

Профессор Балайна Махметованың 70 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

 

2024 жылдың 5 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика» кафедрасы профессор Б.Т.Махметованың 70 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.

 

Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.Ә. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, Басқарма төрағасы Тілеп Б.А. атынан Алғыс хат табыстады, Абай атындағы ҚазҰПУ кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Б.Ибраимов сөз сөйлеп, көп жылғы еңбегіне ризашылығын білдіріп, кәсіподақ атынан сыйлық табыс етті.

 

Мерейлі жас иесінің ғылыми-педагогикалық қызметі туралы негізгі баяндаманы педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры Қ.Қ.Жампейісова жасады.

 

Балайна Теменовнаны құттықтауға оның ғылыми жетекшісі, ғылыми мектептің негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының докторы, қазіргі кезде Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ педагогика кафедрасының меңгерушісі С.А.Ұзақбаева келді.

 

Модераторы Педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.Ж.Колумбаева болды.

 

Іс-шарада Б.Т.Махметова оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері, екі шет тілі мамандығының 2 курс студенттері, ЖГИ 3 курс студенттері шығармашылық танытты.

Құттықтау сөзбен мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының  меңгерушісі У.Қ.Қияқбаева және осы кафедраның профессоры Манкеш А.Е. келді.

 

Барлық баяндамашылар профессор Б.Махметованың ұстаздық білім мен педагогикалық тәжірибені дамытудағы сіңірген еңбегін атап өтіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу